• RUB:
    5.04
  • USD:
    488.45
  • EUR:
    529.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Тұман, нөсер жаңбыр: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

63 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 30 қазанда еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-ке жетеді.