• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2024

Жезді ауылы шенеуніктердің салғырттығынан су астында қалған

117 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасы басшысының өкілетті қызметін тексеру барысында заңсыздыққа жол бергенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу барысында «Жезді өзенін санациялау» жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегені белгілі болды. 

Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісін тексермей-ақ техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.

«Жезді өзенін санациялау» жобасында құрылыс нормалары бұзылып, жобалау талаптары ескерілмеген. Бұл олқылықтар өзен арнасының су көлемін өткізу қабілетін азайтқан.

Шенеуніктердің осындай қылмыстық әрекетінің салдарынан көктемгі су тасқыны кезінде Жезді ауылындағы 10 жеке тұрын үй су астында қалған. Сол кезеңде ауылдың 108 адамын, оның ішінде 56 баланы эвакуациялауға тура келген.

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады.