• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 30 Қазан, 2024

Сенатта фермерлердің қаржылық сауатын арттыру мәселесі талқыланды

72 рет
көрсетілді

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары қолжетімді несие беруді қамтамасыз ету мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Дөңгелек үстел отырысына ауыл шаруашылығы, қаржы, ұлттық экономика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар инвестицияны ынталандыру, фермерлердің қаржылық сауатын арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестік орта қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Әли Бектаевтың төрағалығымен өткен кездесуде Мемлекет басшысы көтерген бастамалар неғұрлым қолжетімді қаржы құралдары есебінен бизнесті дамытуға жәрдемдесе алатынын, ол сайып келгенде тұрақты және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруды көздейтінін атап өтілді.

«Агроөнеркәсіп кешенінің ауылда бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамытуға көмектесетін қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Тұрақты және тиімді қолдау құралдарына сүйене отырып өндірушілердің өз қызметін сенімді түрде жоспарлауға және кеңейтуге жағдай жасау – біздің басты міндетіміз», деді Әли Бектаев.

Салалық мемлекеттік органдардың өкілдері өз кезегінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басымдықтары туралы ойларын ортаға салды.