• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2024

Ақтөбеде Камаз аударылып екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға Ақтөбе облысындағы Хромтау кен байыту комбинатында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хромтаудағы Донской тау-кен байыту комбинатында карьерде жол-көлік апатынан екі жұмысшы қаза тапты. Бұл ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

- Жол-көлік апатынан кәсіпорынның екі қызметкері көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды, – делінген хабарламада.

Компания қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар