«Қазгидромет» синоптиктері 31 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің 17 өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында да тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Елордада түнде және таңертең тұман түседі.
«Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ұлытау облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болжанып отыр. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді», дейді мамандар.
Болжамға сәйкес, Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі, ал түнде және таңертең көктайғақ болады.
Абай облысында да көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.