«ҚазАвтоЖол» АҚ Қостанай облысындағы республикалық жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қостанай облысындағы күре жолдардың кей учаскесінде жолдарды жабуға қолайсыз ауа райы себеп болған.
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 8-216 шақырымында (Тобыл қ. - Октябрь ауылы учаскесі), «Екатеринбург-Алматы» автожолының 463-539 шақырымында (Қостанай қ. - Федоровка ауылы учаскесі) және «Екатеринбург-Алматы» автожолының 589-683 шақырымы (Щербакова ауылы-Сарыкөл ауылы учаскесі) аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарламасында.