Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «+7» кодын Қазақстан әлі де Ресеймен бірлесіп пайдалануды жалғастыратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Осыған байланысты Үкімет «Әлемдік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп пайдалану туралы» Қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ресей Федерациясының байланыс әкімшілігімен келіссөздер жүргізіп, келесі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізді:1) «+7» кодын бірлесіп пайдалану жүзеге асырылады;2) тараптардың бірінің басқа нөмірлік кодқа көшу мерзімі 6 айдан 2 жылға дейін ұзартылды (ХЭО ұсынымдарына сәйкес);3) Қазақстан Республикасының нөмірлік қоры 000-099 диапазонында DEF-кодын қосу арқылы кеңейтіледі», делінген министрлік хабарламасында.Ал жақын арада Қазақстан мен Ресей арасында Келісімге қол қою жоспарланып отыр.