• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қараша, 2024

Олимпиада комитеттерінің жиыны

59 рет
көрсетілді

Португалияның Кашкайш қаласында Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) ХХVII Бас Ассамблеясы өтіп жатыр.

Сессияға әлемнің түкпір-түкпіріндегі Олим­пиадалық қозғалыстың 288 ұйымы, оның ішінде 200 ҰОК, Халықаралық Олимпиада комитеті делегаттары, Халықаралық федерациялар мен Олимпия ойындарын ұйымдастыру комитеттерінің өкілдері қатысып жатыр. Еліміздің атынан Португалияға Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Го­ловкин мен ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев барды.

ҰОКҚ Бас Ассамблеясының мақсаты тікелей диа­лог арқылы сессияға қатысушылар арасындағы ынтымақ­тастықты нығайту болып саналады. Ассамблея жұмысы барысында қауіпсіз спортты дамытуға арналған тиімді стратегиялар, ҰОК-тің болашағы, олимпиада бағдар­ламасындағы эволюция сынды тақырыптарға көңіл бөлініп, спорт саласында жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың болашақтағы рөліне баға берілді.

ҰОКҚ Бас Ассамблеясы аясында Геннадий Головкин Біріккен күрес әлемі (UWW) басшысы Ненад Лаловичпен, Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен, Халықаралық ауыр атлетика федерациясын (IWF) басқаратын Мохаммед Джалудпен, Түркия, Франция Ұлттық Олимпиада коми­теттері президенттерімен, өзге ҰОК өкілдерімен кездесті.