• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қараша, 2024

Жанкүйерлер Жәмила Бақбергенованы қошеметпен қарсы алды

127 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

72 келіде халықаралық доданың екінші тұғырынан көрінген ел балуанын Астана әуежайынан жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. 

Жәмила Бақбергенова Албанияда алған күмісін қоса есептегенде әлем чемпионаттарында қазақ қыздары арасынан 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан атанып отыр. 

«Лицензиялық турнирлерден кейін, бас бапкеріміз өзімізге жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде кезекті жүлдемді алдым. Барлық қарсыласыммен алғаш рет белдестім. Себебі олардың біршамасы 68 келіден көтерілді. Финалда бапкерімнің нұсқауымен жапон спортшысын күтуім керек еді. Ұпай жағынан алда тұрғанымен, бір ғана қателікпен есе жіберіп қойдым. Күміс медальға да жету оңай болмады. Енді әскерилер арасындағы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындаламын. Жалпы өзімді 72 келіде қолайлы сезінемін. Бойым да, дене бітімім де осы салмаққа сай», деді Жәмила Бақбергенова.

Айта кетейік, отандасымыз алтын үшін айқасқа дейінгі кезеңдерде Молдова спортшысы Эмилия Кречуннен, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері чехиялық Адель Ганзличковадан, Азия чемпионы моңғолиялық Болортуяа Зоригтаннан басым түскен болатын.

Финалда жапон қызы Ами Исииге есе жіберді.