• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 04 Қараша, 2024

Обырды емдеу орталықтары ашылады

148 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркияның «Orhun Medical» компаниясы онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін емдеу мен диагностиканың сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ауқымды жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

«Жабдықталған орталықтардың ашылуы онкологиямен ауыратын науқастарға шетелге шықпай-ақ, ел ішінде әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары тиімді диагностика мен қауіпсіз ем алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың көмегімен обырды дұрыс және уақтылы емдеу аурудың анықталуын жақсартуға, өмір сүрудің бес жылдық шегі бар пациенттердің үлесін арттыруға, онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті қол қою барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Келісім шеңберінде Алматы қаласында ПЭТ/КТ, БФЭКТ/КТ үшін талап етілетін радиофармпрепараттарды өндіру үшін ғимарат салу және арнайы жабдықпен - циклотронды кешенмен жарақтандыру көзделген.

Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында компьютерлік томографиямен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитрондық-эмиссиялық томографияның жаңа орталықтары құрылатын болады.

Алматы қаласында қатерлі ісіктерді диагностикалау мен терапияның прогрессивті кешенді әдістерін енгізу үшін бір фотондық-эмиссиялық томографиямен және компьютерлік томографиямен ұштастыра отырып радиоизотоптық препараттар қолданылатын Тераностика орталығын ашу жоспарланып жатыр.