• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Қараша, 2024

Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт салынады

148 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Саран қаласында жүк көлігін шығаратын зауыт салынады. Бүгін Шанхайда Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде осындай келісімге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Енді Қазақстан-Қытай бірлесіп жүк көлігін шығаратын кәсіпорын құрылысын бастамақ. Зауыт жұмысын сәтті бастаса 1,5 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ.

«Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. «Саран» индустриялық аймағының базасында жүк және коммерциялық техника өндіретін жаңа зауыт салынады. Сондай-ақ біз жаңа дәнекерлеу, катафорез, бояу және шағын торапты құрастыру үшін заманауи жабдықтар сатып аламыз. Жас инженерлер Қытайда қолданылатын жаңа дағдыларды игеру мүмкіндігін иеленеді», деді бірлескен жобаның жетекшісі Арғұлан Майқонов.