• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Қараша, 2024

LRT пойызы операторларын тегін оқытуға өтінім қабылдау басталды

103 рет
көрсетілді

«City Transportation Systems» ЖШС LRT пойызы операторларын тегін оқыту бойынша өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

LRT пойыздары толығымен автоматтандырылып, пилотсыз басқарылады. 

Сондықтан, операторларға мынадай міндеттер қойылады: 

- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;  - автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;- вагондардағы электрлі жылыту мен желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып, түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.  

Компания өз тарапынан ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыруға мүдделі болады. Жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру, оқыту курстары өтеді. Оқыту нәтижесінде LRT-ны басқару рұқсатын  куәландыратын халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.  

«Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Оқыту Астана қ./ҚХР жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу)», делінген компания хабарламасында.

Үміткерлерге локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл, локомотив машинисінің көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл темір жол көлігі саласындағы жоғары білімі мен жұмыс тәжірибесі болуы керек деген  талап қойылып отыр. 

Түйіндеме CTS ресми сайты https://cts.gov.kz/ru арқылы қабылданады.

Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қ. +7 (7172) 577 177 (ішкі 102)