• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қараша, 2024

СҚО-да азық-түлік бағасын шарықтатқан 125 кәсіпкер жауапқа тартылды

83 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемеақысының мөлшерін асырғаны үшін 124 кәсіпкерлік субъектісі жазаға тартылды. Олардың 12-сі миллион теңгеге жуық айыппұлды төлесе, қалғандарына әзірге ескерту жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Қанат Жеңісбекұлының айтуынша, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты азаматтардан арыз-шағымдар саны артып келеді. Жыл басынан бері басқармаға шара қолдану туралы 400-ге жуық өтініш түскен.

«Шағымдардың жартысына жуығы электронды коммерцияға қатысты. Екінші орында - 28 пайызы бөлшек саудадан, 6 пайызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтан, 3,3 пайызы тұрмыстық қызмет көрсетуден келеді. Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғап, оларға 5,3 млн теңгеге жуық сомаға ақшаны қайтаруға жәрдемдесті, оның 2,1 млн теңгесі – бөлшек саудада, 1,8 млн теңгесі – электронды саудада, қалған 1,3 млн теңгесі – тұрмыстық қызмет көрсетуде», деді Қанат Жеңісбекұлы.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін 13 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған, сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілгендігі хабарланды.

«Сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 125 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда үстемеақысының мөлшері мен витрина мен кассалық чекте көрсетілген өнім бағасының айырмашылығын асырғаны үшін 124 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 12 субъект мемлекетке жалпы сомасы 895 310 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл төлесе, қалғандарына ескерту түріндегі әкімшілік айыппұл салынды», деді басқарма басшысы.