• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Қараша, 2024

Сот жүйесін реформалау туралы заң қаралады

60 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, депутаттар 7 қарашадағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Өңірлерде ұйымдастырылатын көшпелі отырыстарға дайындық барысы талқыланды.

Алдағы бейсенбіде Сенат депутат­тары «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл заңға депутаттар бастамашы болды. Аталған құжат сотта қорғалу құқығын іске асырудың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге және сот төрелігін іске асыру сапасын, судьялар корпусының кәсіби­лігін және олардың жауапкерші­лігін арттыруға бағытталған тиіс­ті заңнамалық тетіктерді әзірлеу арқылы сот жүйесін одан әрі жетілдіруді көздейді.

Сондай-ақ биылғы маусымда қабылданған «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір консти­туция­лық заңдарына өзгерістер мен толық­­тырулар енгізу туралы» Конс­­ти­­туциялық заң дербес касса­ция­­лық соттар құруды және олар­д­ың сот актілерін қарау жөнін­дегі өкілет­тіктерін қарас­тыра­ды. Осыған байла­ныс­ты заң ар­қылы Қылмыстық-про­цестік кодекс­ке, Азаматтық процестік кодекс­ке, Әкімшілік рәсімдік-про­цес­тік кодекске, сондай-ақ басқа да бір­қатар заңға түзету енгізіледі.

Палатаның іс-шаралар жоспарына сәйкес сенаторлар осы аптада кездесулер өткізеді. Олардың қатарында Ақмола облысында өтетін құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қызылорда облысын­да ұйымдастырылатын аэро­ғарыш саласын дамытуға қатысты мәселелерге арналған көшпелі отырыстар бар.

Сонымен қатар Сенат комитет­терінің «Прокуратура туралы» Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі отырыстары, «Еңбек адамы – ұлттық экономика­ның өсуі мен ұлт өркендеуінің не­гізі» тақы­рыбына арналған пар­­ла­мент­тік тыңдауға дайындық ая­сында Ақмола облысының Аршалы ауданына сапар және Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен өнім­дерін қайта өңдеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар басшылығымен кездесу жоспарланған.

Бұған қоса бюрода Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.