• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қараша, 2024

Кәсіпкерді пара беруге итермелеген серіктестік қызметкері сотталды

67 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.