• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:17

Алматыда шайбалы хоккейден Азия чемпионаты өтеді

13 рет
көрсетілді

Ертең Алматыда шайбалы хоккейден алғаш рет өтетін Азия чемпионаты басталады, деп жазады Egemen.kz.

Құрлықтық додада Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары жүлдеге таласады. Чемпионат 6-9 қараша күндері Halyk Arena мұзсарайында өтеді.

Алматыдағы Азия чемпионаты 2025 жылдың 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылатын Азия ойындарына дайындық жарысы болмақ.

Қазақстан чемпионат аясындағы алғашқы ойынын 6 қараша күні Жапонияға қарсы өткізеді. 

Бұл бәсекеде ел намысын қорғайтын ерлер құрамасы: 

Қақпашылар: Джелал-ад-дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск), Жәкен Ибрагимов («Сарыарқа», Қарағанды), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань).

Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков («Қазцинк-Торпедо», Өскемен), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Хақназар Кеңесбай, Кирилл Никитин («Номад», Астана), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Егор Наместников («Сарыарқа», Қарағанды), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент).

Шабуылшылар: Александр Борисевич, Руслан Демин, Евгений Королинский («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буяльский (еркін агент), Владимир Волков, Дмитрий Преснов, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников («Хумо», Ташкент), Алексей Зубов, Захар Пархоменко, Ян Тютюньков(«Қазцинк-Торпедо», Өскемен), Саян Данияр(«Номад», Астана), Евгений Рымарев («Юнисон-Мәскеу»).