Футболдан ұлттық құрама команда 12 қарашада Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Команданың бас бапкері Станислав Черчесов бұл жиынға есімдері төменде аталған ойыншыларды шақыртты.
Қақпашылар – Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»). Қорғаушылар – Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров («Астана»), Нұрәлі Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранқұлов, Еркін Тапалов («Тобыл»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков («Жетісу»). Жартылай қорғаушылар – Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан («Ордабасы»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр). Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»). Осы футболшылар қараша айында өтетін УЕФА Ұлттық лигасының соңғы матчтарында жасыл алаңға шығады. 14 қарашада Аустрия құрамасын қабылдайды. Араға үш күн салып Ослода Норвегияға қарсы ойнайды.