• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қараша, 2024

Қырғызстан түркі тілдес халықтардың кітапханасын құруды ұсынды

140 рет
көрсетілді

Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитінде сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров түркітілдес халықтар кітапханасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жоба түркі әлемінің символы және мәдени алмасу алаңы болады», деді Садыр Жапаров.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті XI саммиті өтіп жатыр. Оған ұйымға мүше бес мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның басшылары, сондай-ақ бақылаушы ел – Венгрияның басшысы қатысып жатыр.