• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2024

Полиция қызметкерлеріне қызметтік көлік табысталды

57 рет
көрсетілді

Абай облысында гарнизондық сапқа тұрғызу сәтінде өңір ты­ныштығын күзеткен полиция қызметкерлеріне 50 жаңа қыз­меттік автокөліктің кілті тапсырылды. Салтанатты рәсім аясында сөз алған өңірдегі Полиция департаментінің бас­ты­ғы, полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан мате­риал­дық-тех­никалық базаны жақсартуға жергілікті атқа­рушы орган­дардың қосқан үлесін атап өтті.

Аталған автокөліктер пат­­рульдік және учаскелік инс­пек­торлардың кәдесіне жарап, алдағы уақытта бір учаскелік инс­пектор ретінде бірнеше елді мекенге қызмет көр­сететін, арақашықтығы 70 шақырымды қамтитын жаңа аудандардағы инспекторлар жұмысы ширай түседі. Су жаңа көліктер отандық кәсіпорындарда шығарылғанын атап өткен ләзім.

«Кілті табысталып отыр­ған бұл авто­көліктер біз­дің патрульдік және учас­келік инспекторлардың шақыр­ту­ларын тез арада тиімді орын­дау­ға жол ашып отыр. Сырт а­й­мақ­тағы ауылдар мен шалғай орын тепкен елді мекендердегі қауіпсіздікті арттырарына сенім мол. Атқарушы органдардың қолдауы өңір тұрғындарының тыныштығын қорғау мүмкіндігімізді нығайтуға септігін тигізеді», деді Бектөре Жеңісбайұлы.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ көмегімен лизингтік қаржыландыру аясында сатып алынған қызметтік жаңа көліктер облыс бюджетінің есебінен жүзеге асырылды. Өңірдегі полицияның автопаркі соңғы рет 2017 жылы жаңартылған еді. Жеті жылдан бергі олқылықтың орны толып отырғандықтан, жаңа көліктер келешекте халықтың қауіпсіздігін қадағалайтын тәртіп сақшыларының жұмысын жандандырып, жаңа мүмкіндікті пайдалануға септігін тигізерін айта кеткен жөн. Аталған іс-шара полиция қызметкерлерінің жаңа міндеттерін орындауға деген дайындығын айғақтайтын салтанатты шерумен аяқталды.

 

Семей