• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2024

Қолжетімді инватакси

70 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі қанатқақты жобаны қолға алған еді. Мүгедектігі бар, жарым көңіл жандарды қолдауға арналған қайырымдылық шарасы қалың бұқара тарапынан оң бағаланып отыр.

Айталық, биыл жыл басынан қара­ша айына дейін Астана, Алматы қалаларында аталған қызмет 157,9 мың рет көрсетіліпті. Бұл – өте жақ­сы көрсеткіш. Себебі салыстырма­лы түрде айтсақ, былтыр жыл қо­ры­тындысы бойынша аталған қызмет түрі 53,9 мың рет көрсетілген екен.

Инватакси қызметінің сапасы мен қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, қызмет түрін жетілдіру, түрлі өзгеріс енгізуге қатысты тың шешімдер қабылдап отырады. Мысалы, мүгедектігі бар тұрғын енді инватакси қызметіне күні бұрын, телефон арқылы жазыла алады. Бұл ерекше қабілетті азаматтардың сапарын алдын ала жоспарлауға, көлікті көп күтіп қалмауға мүм­кіндік береді.

Өңірлерде инватакси­ қыз­метін ұсынатын көлік құ­ралдарының аздығы, басқа да мәселелер жетіп-артылады. Қуантарлығы, осы мәселе­лерді жеңілдету, шешу мақсатында қыз­мет көрсетуге сұраныс алған такси агрегаторларын тарту жө­нінде қанатқақты жоба бас­талды. Мұндағы басты шарт – сапар ақысында пайыздың болмауы.­ Ол пайыздар әдетте агрегатор плат­фор­малары­ның пайдасына аудары­лады. Мұның барлығын елеп-ескерген «Яндекс» компаниясының қана­т­қақты жобаға өтеусіз негізде қаты­суға ниет білдіргені – құптарлық ше­ші­м.

Түсінікті етіп айтар болсақ, қа­натқақты жоба шеңберінде енді ел азаматтары «Яндекс Go» мо­бильді қосымшасы арқылы ин­ва­такси қызметін қолдана ала­ды. Бұл қызмет алушыға кө­лік­ті тезірек таңдауға, онлайн ре­­жімде тапсырыс мәртебесін қа­­дағалауға, сапарға монито­ринг жүргізуге мүмкін­дік бе­реді. Қо­сымшада мүгедек­тігі бар адам­дар жүргізушіге са­пар­­­дағы ерекше қажеттіліктері ту­­ра­лы ескер­туі үшін арнайы мүм­­­­кіндіктер экраны іске қо­сыл­­ған. Ал жүргізуші­лер болса, ерек­ше қабілетті жолаушыны кө­­лік­ке отырғызу, одан түсуде қа­лай көмек көрсетуге болаты­ны туралы арнайы нұсқау алады.

Қанатқақты жобаның ал­ғашқы кезеңіне Астана, Алма­ты қала­ларынан мүгедектігі бар адамдар тобы қатысады. Ке­ле­шекте ерекше қабілетті адам­дарға қыз­мет көр­сету­дің жаңа форматын елдің барлық өңі­ріне жеткізу министрлікпен қоса, ком­па­ния басшылығының жоспарында бар.