Жыл басынан бері Атырау облысында ұрланған 70 бас мал иелеріне қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық полиция кейінгі рет мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың 7 мүшесін қолға түсірген.
Биыл Атырау облысында бөтеннің малына қол салғандарға қатысты 27 қылмыстың беті ашылған.
Мамандар ұрлықтың осы түрімен айналысқандардың мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын ескертті.