• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2024

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

115 рет
көрсетілді

Қазақстанда есірткі заттарын сататын 30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысы прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтаған.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталған», делінген хабарламада.

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталған.