• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Дін 08 Қараша, 2024

Астанада «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті

74 рет
көрсетілді

Діндерді зерттеу орталығы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған акция Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарын орындау шеңберінде өтті.

«Аталған акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін бұл жобамыз «Аружан» сауда үйінде, «Астаналық базар» аумағында өткізіп, көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Бүгін «Хан шатыр» сауда орталығында өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсат – салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, ел тарихы мен дін мәселелеріне қатысты викториналық сауалдар ұйымдастыру арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту. Білім және танымдық сауалдарға жауап берген, мақал-мәтелдерге қатысты сайыста мүдірмеген жеңімпаздарға басқарманың Алғыс хаты және сертификаттар түріндегі арнайы сыйлықтар табысталады. Бұдан бөлек, діни ағымдардан сақтану, олардың белгілері туралы бейнероликтер күні бойы көрсетілді. Сондай-ақ волонтерлермен бірлесе отырып, үш мыңға жуық елордалықтарға дін саласына қатысты арнайы ақпараттық буклеттерді үлестірдік. Осы іс-шараға белсенді атсалысқан волонтерлерді де марапаттаймыз», деді Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жаншин.