• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Қараша, 2024

Күн тәртібі бекітілді

61 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда депутат­тарға ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі сала­ларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнама­лық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңна­ма­лық түзетулер мен дене шы­нықтыру және спорт туралы заң жобасын қарау ұсынылады.

Заң жобасында Президент­тің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірленген «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар қарастырылған. Бұл бағдарлама Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қолданыстағы алаңында жүзе­ге асырылып, ата-аналар мен мемлекеттің бірлескен күші­мен балалардың білім алу мүм­кіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Депутаттар дене шынық­тыру және спорт мәселелері бойынша да кейбір нормаларды жетілдірді. Тиісті заң жобасы спорттың басым түрлерін анықтау және оларды қаржы­ландыру, спорт түрлерін ранжирлеу жүйесін алып тас­тау, сондай-ақ мемлекет пен дене шынықтыру және спорт субъектілері арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге бағыт­талған.

Сонымен қатар Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алады. Олардың ішінде креативті индус­трияларды қолдау және дамыту, мұрағат ісі мәселелері бо­йын­ша заңнамалық жаңалықтар, сондай-ақ бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау бар.