Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңына әскери тікұшақ құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала болжам бойынша, әуе кемесі Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені айтылды.
«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ-8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды», делінген ведомство хабарламасында.
Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Оқиға туралы ақпарат нақтыланады.