• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қараша, 2024

Қазхром комбинатында жұмысшы көз жұмды

87 рет
көрсетілді

Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының аумағында жұмысшы биіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 4 қараша күні болған.

«Компания зардап шегушіге кәсіби медициналық көмек көрсетуге бар күшін салды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күрескенімен, өкінішке орай, оны аман алып қала алмады. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу жүріп жатыр. Кәсіпорын ұжымы марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл осы Хромтаудағы «Қазхром» филиалының екі қызметкері мерт болды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.