Алматы қорығының мемлекеттік инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері жабайы жануарларға санақ жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күзгі жабайы аңдардың санағы – 10-12 еселі дүрбілерді қолдану және көз мөлшерімен бақылау арқылы жүргізілген және 4 бағытта 30 шақырымнан астам жер жүріп өтілген.
Аталған қорықтың хабарламасында: «Санақ жұмыстары барысында қорық аумағында марал, Сібір елігі, Сібір таутекеcі, Қар барысы (ізі), Түркістан сілеусіні (ізі), тас сусары (ізі) кездесті», делінген.
Санақ – осы айдың 4-6 күндері өтті.