• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2024

Қару иелерін тексеру нәтижесі

50 рет
көрсетілді

Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері азаматтық қаруы бар 4 600-ден аса азаматты тексерген. Азаматтық қару иелерін бақылау бойынша жедел-профилактикалық жұмыстар аясында, олардың тұрғылықты жерлеріне тексеру жүргізуде 222 құқық бұзу фактісі анықталды.

Бұл шараларды ұйым­дас­тыруда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарудың заңсыз айналымының алдын алу мен азаматтық қаруды пайдалану заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсаты көз­деліп отыр. Аталған кешенді шаралар аясында қарудың сақталу шарттарының бұзылуы бойынша 85 заң бұзушылық ісі тіркелді. Мамандар қарудың жеткіліксіз қорғалуы немесе заңда көрсетілген шарттарға қарама-қайшы сақталған қару-жарақ оның жоғалуына немесе заңсыз пайдаланылуы­на әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ қаруды тіркеу ережесіне сәйкес 137 жайт анықталған. Бұл заң бұзушылықтар аза­мат­тық қаруды тіркеу бойынша заңнамамен белгіленген про­це­дуралардың сақталмауын көрсетеді. Ал заңсыз қару мен оқ-дәрілерді сақтау және алып жүру фактісі бойынша 61 азамат әкімшілік жауапкершілікке тар­тылғанын Полиция депар­та­ментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Жауапты орган қызмет­кер­лері жүргізетін құқық бұзушылықтың алдын алу­ға бағытталған заңсыз қару ­ай­­налымымен күрес және ­аза­­маттардың қауіпсіздігін­ қам­тамасыз ету бойынша тек­серу жұмыстары жалғасын табады.

 

Абай облысы