• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қараша, 2024

Бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып көз жұмды

58 рет
көрсетілді

Түркияның батысындағы Измир провинциясының Селчук уезінде жеке үйде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Habertürk телеарнасына сілтеме жасап.

Хабарланғандай, жеке үйдегі электрлі пештен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Салдарынан ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер қайтыс болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен дәрігерлер бір бөлмеден үш баланың денесін тапқан, олар  көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған. Ал қалған екеуі бірдей белгілермен ауруханаға жатқызылған, бірақ дәрігерлер оларды аман алып қала алмаған.

Қаза тапқан бүлдіршіндердің ең кішісі бір жаста, үлкені бесте.