• RUB:
    4.93
  • USD:
    523.17
  • EUR:
    550.06
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қараша, 2024

Газа секторында мал шаруашылығы құлдырады

89 рет
көрсетілді

Газа секторындағы ірі қараның 95%-ы, сондай-ақ қой-ешкінің жартысы қырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұдан бөлек, егіс алқабының 70%-ы жойылған немесе зақымдалған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы халықаралық қауымдастыққа қарасты Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы Төтенше жағдайлар және тұрақтылық басқармасы мәлімдеді. Қазір Газаның теріскейінде 75 мың палестиналық аштықтың аз-ақ алдында тұр.

«Газа секторының солтүстігіндегі жағдай өте ауыр. Аштықты тексеретін тәуелсіз комитет өткен жұмадан бері палестиналықтарға аштық қаупі төніп тұрғанын айтып, дабыл қағып келеді. Газа секторының агро-азық-түлік жүйесі толығымен дерлік күйреген. Адамдар өздері өсірген сиыр, қой, ешкінің сүтін ішіп, азын-аулақ етін жеп, күнін көретін. Енді бұл мүмкіндік те көзден бұл-бұл ұшты. Біз оларды құтқаруымыз керек!», дейді БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының басқарма директоры Рейн Паулсен.