• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қараша, 2024

Ақжан әл-Машани мұражайы ашылды

61 рет
көрсетілді

Астанада фарабитанушы ғалым Ақжан әл-Машаниге арналған «Рухани мұра және қазіргі ғылым» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны қалалық Білім басқармасының қолдауымен Әдістемелік орталық, Ақжан әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Жиын барысында қазақ­тың тұңғыш фарабитану­шы­сы Ақжан әл-Машаниге арнал­ған мұражай салтанатты түрде ашыл­­ды. Оған Парламент депу­таттары, Халық қаһарма­ны Тоқтар Әубәкіров, Иран Ис­лам Республикасының елі­­міз­дегі елшілігінің мәдени іс­те­рі жөніндегі кеңесшісі Әли Әк­бар Талеби Матин арнайы ша­қы­рылып, ғұлама ғалымның өмір арнасынан сыр шертетін тағылымға толы ғұмырын насихаттап, құнды естеліктерін бөлісті.

– Ақжан әл-Машани­дің ең­бектерін әлі де насихаттауымыз қажет. Алдағы жылы ғалымның 120 жыл­дық мерейтойы аталып өтеді. Оны кең ауқымда ұйымдасты­рып, жас ғалымдарды тәр­биелеуге ықпал етуіміз тиіс, – деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орта­лығының директоры Жандос Бекділдаұлы.

Екі бөлімнен тұра­тын жиынға Ақжан Жақсы­бек­ұлы­­ның ұрпақтары да қа­тыс­ты. Конференция бары­сын­­­да «Машанитану» оқу­ларын ­жыл сайын өткізуді рәсімге ай­налдыру, ғалым­ның қаламынан туған 23 қол­жазбаны жаңа теориялық-методологиялық тұр­ғыда зерт­теп, ғылыми ең­бектер да­йындау, Ақжан әл-Ма­ша­ни атындағы №92 мектеп-лицейінің үз­дік оқушыла­рына «Тұң­ғыш фарабитану­шы-ғалым» атындағы шә­кір­т­­ақыны тағайындау, мек­теп бағдарламасына 5-11 сы­нып­тарға арналған «Маша­ни­тану» атты таңдау пәнін енгізу сияқты ұсыныстар айтылды.