• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2024

«Семей орманы» қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген

77 рет
көрсетілді

Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» МОТР мекемесінің жалған диплом арқылы жұмысқа орналасқан қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтаған.

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген. Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды», делінген хабарламада.