• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:25

ШҚО азаматы 240 келі тірі шаянды заңсыз тасымалдаған

31 рет
көрсетілді

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Өскемен – Самар тасжолында автокөлікті тоқтатып, салонынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған көл шаяндары салынған 16 қапты тапқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің Өскеменге жеткізіп, сату үшін белгісіз адамдардан 240 килограммнан астам шаянды сатып алғаны белгілі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз әрекет салдарынан келтірілген залал 1,6 миллион теңгені құраған. ШҚО Полиция департаменті «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өңірдің экологиялық теңгерімін қорғауға және оның табиғи мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталғанын ескертеді.