• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:05

Ұлт өнерінің мерекесі

25 рет
көрсетілді

Биыл еліміздің музыка өнері үшін маңызды оқиға – Құр­манғазы атындағы Қазақ ұлттық консерва­ториясының 80 жылдық мерейтойы. Консерватория мерейтойына көп­теген өнер майталмандары үлесін қоспақ. Олардың қата­рында скрипкашы Марат Бисенғалиев, баяншы Yves Moulin, опера әншісі Талғат Мұсабаевтар үлкен концерт қо­йып, болашақ жұлдыздарға шеберлік сабақтарын жүр­гізді.

Сексен жылда консерватория еліміздің әлемге танытқан музыканттардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған ордаға айналды. Қара шаңырақ түлектерінің арасында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Юрий Клушкин, Алан Бөрібаев, Байғали Серкебаев, Медет Шотабаев сияқты Қазақстанның халық әртістері, Еңбек сіңірген қайраткерлері мен дарынды музыканттар бар.

Консерватория 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін мерейтойлық марафонға барша көрерменін шақырады. Күн сайын отандық музы­каның бай тарихы, заманауи жетістіктері көрсетіледі. Бағ­дарламада халықаралық кон­ференция, көрмелер және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланған.

Еліміздің жетекші музыканттары тәжірибесін бөлісу үшін шеберлік сабақтары мен кездесулер өткізеді. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, Ресей скрипкашысы Назар Ко­жухарь, дарынды дирижерлар Алан Бөрібаев пен Абзал Мухитдинов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұр­лан Измайлов, тағы бас­қалары бар.

Мерейтойлық марафон 3 желтоқсан күні Республика са­райында өтетін гала-концерт­пен қорытындыланады. Елі­міздің ең беделді сахнасында кон­серваторияның шы­ғар­ма­шылық ұжымдары – оркестрлер, ансамбльдер, хор және солис­тер, сондай-ақ қонақ ретінде ша­қыртылған әртістер жиналады. Бұл кеш ұрпақтар арасындағы бай­ланыс­ты, музыкалық дәс­түр­лердің бай­лығы мен отандық өнердің заманауи үлгісін көр­се­тетін мерейтойдың қоры­тын­дысы болмақ.