• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Кино 18 Қараша, 2024

Алматыда XVII «Еуразия» кинофестивалі өтеді

82 рет
көрсетілді

Осы айдың 24-30 күндері XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі шымылдығын түреді, деп жазады Egemen.kz.

Айта кетсек, 1998 жылы құрылған «Еуразия» кинофестивалі – Қазақстандағы ең ірі кинофорум және халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары Федерациясы (FIAPF) аккредиттеген Орталық Азиядағы бірден-бір кинофестиваль.

Фестивальдің тұрақты құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Кинофестивальді ұйымдастыру жұмысы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына тапсырылған. Айта кетейік, биыл киностудияға 90 жыл, Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл және «Қазақфильм» киностудиясына оның есімі берілгеніне 40 жыл толып отыр.

«Еуразия» кинофестивалі жыл сайынғы дәстүр бойынша әлемдік және отандық киноның өзекті трендтерін көрсететін жарқын әрі маңызды туындыларды жинайды.

Бүгінде «Еуразия» кинофестивалі Орталық Азия өңіріндегі ең маңызды мәдени іс-шаралардың біріне айналған. 1998 жылы фестиваль құрылған сәттен бастап отандық кинематографистердің тұтас буыны қалыптасқан. Оларды «Еуразия ұрпағы» деп атауға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл кинофестиваль аясында Халықаралық байқау өтеді, оған Еуропа мен Азия елдерінің толықметражды фильмдері, сондай-ақ Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінің фильмдері ұсынылады.

Кинофестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 24 қарашада Almaty Theatre-де өтеді.