• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Қараша, 2024

Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

156 рет
көрсетілді

Бұл қызметке бұған дейін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары болған Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген Б.Жайлаубаев Сәтбаев қаласы мәдени – сауық орталығының директоры, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.

Ол кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті талдау және жоспарлау басқармасының басшысы, ҚР Энергетика министрлігі цифрландыру және ақпараттандыру басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2022 жылы Ұлытау облысы құрылған сәттен бастап Жезқазған қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

Б.Ө.Жайлаубаев 1984 жылы 21 қаңтарда туған, отбасылы, үш баланың әкесі.