Енді «eGov Mobile» қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді емін-еркін алуға болады. Бұл жүйе «Цифрлық мәліметтер» қызметінің жаңартылуы арқасында жүзеге асты.
Әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты ел азаматтары смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Аталған жүйе деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы әрі жеңіл етеді.
Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі цифрлық мәлімет қолжетімді. Алғашқысы, әскери қызметке шақыру туралы, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер. Екіншісі, азаматтың әскери міндетті мәртебесі туралы өзекті ақпарат. Тұрғындар өз мәліметтерін ЖСН немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы жібере алады.
Аталған қызметті пайдалану үшін «eGov Mobile» қосымшасы арқылы «Мәліметтер» бөліміне өту қажет. Содан соң «Тарих» бөлімінде ақпараттармен танысып, деректерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау батырмасын басу керек.
Бұл жүйені Қорғаныс министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.