• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 19 Қараша, 2024

Жиын құқық бұзушылықты жүгендей ала ма?

101 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақ­тық департаменттерінің қызметкерлерінің қа­ты­суы­мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар тура­лы кеңес өткізді.

Басқосуда А.Сарбасов сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу, оған жол бермеу министрлік жұмы­сы­ның негізгі бағыттарының бірі саналатынын айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы заңнама шең­­­­бе­рінде министрлік жыл са­йын құрылымдық бөлімшелердің қызме­тіндегі сыбайлас жемқор­лық тәуекелдеріне ішкі талдау жүр­гізеді. Биыл Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігімен бірге сыбайлас жемқор­лық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргіздік. Мемлекеттік еңбек инс­пекция комитетінің аумақ­тық департаменттерінің барлық қыз­мет­кері мемлекеттік қызмет­кердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шек­теу­лері туралы нақты білуге тиіс», деді А.Сарбасов.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Мұратбеков инспекцияның негізгі міндеттері туралы әңгімелеп берді. Оның ішінде Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысшылардың құқығы мен бостандығын қорғау, жұмысшы мен жұмыс берушінің өтінішін, арыз-шағымдарын қарау міндеті жөнінде кеңінен баяндады.

«Биыл жыл басынан қарашаға дейін еңбек ұжымдарында 4552 тексеру жүргізіліп, 7146 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге 338,9 млн теңгеден астам сомаға 3207 әкімшілік айыппұл салынды. Биыл сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін департамент басшылары мен олардың тікелей бағынысты қызметкерлерін жауапқа тарту фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік еңбек инс­пекциясы комитетінің жемқорлықты жою жөніндегі негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, жауапкершіліктің бұл­тарт­пастығын қамтамасыз ету жө­нін­дегі іс-шараларды жетілдіру. 15 облыс­та Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне қа­тыс­ты сыбайлас жемқорлық тәуе­келдеріне ішкі талдау жүр­гізілді. Оның нәтижелері бойынша жемқорлыққа баруға ықпал ететін себептер анық­талды. Әр оны болдырмау жөнін­де жұмыстар жүргізілді»,  деді М.Мұратбеков.

Кездесу соңында А.Сарбасов Мемлекеттік еңбек инс­пек­циясы комитеті мен оның аумақ­­тық бөлімшелерінің басшы­лы­ғына 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы­лық­тарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуді тапсырды.