• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қараша, 2024

Тоқаев Сербия Президентіне Алматының әйгілі апортын тарту етті

100 рет
көрсетілді

Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сербия Президенті әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас форматында достық кездесу өткенін жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичке бір сандық Алматы апортын тарту еткен.

Сондай-ақ Александр Вучич Сербияның дос елдерге мақтанышпен есігін ашатынын және бұл кеш осының тағы бір дәлелі екенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия президенті Александр Вучич қарсы алған болатын. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 28 жыл толды. Осы жылдар ішінде елдер сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдете түсті.