• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:35

Түркияда жасырынып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды

24 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп, халықаралық террористік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматын Анталиядан Алматыға әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол бұрын Сирияға барып, қарулы топтардың біріне қосылған. Одан кейін Түркияға көшіп, сол жерде полиция ұстаған.

«Оның Қазақстанға өз еркімен оралу туралы шешім қабылдағаны және заңда көзделген қылмыстық жауапкершілікті көтеруге дайын екені анықталды. Қазіргі уақытта азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Департамент толықтырғандай, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.