• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:19

Жаңа казарма пайдалануға берілді

29 рет
көрсетілді

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының жаңа казармасы пайдалануға берілді. Оның ашылуына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков және ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сәкентай Шекарбеков қатысты. 

Бұл казарма курсанттардың қызметі мен өміріне қолайлы жағдай жасап, олардың оқулары мен міндеттерін алаңсыз атқаруына жасалған қамқорлық. Казарма іші жарық, тынысы кең, барлық тұрмыстық жағдайлар қарастырылған.  Жатын бөлмелер, жаттығу залдары мен демалыс бөлмелері ең жоғары стандарттарға сай. 

«Мұның бәрі ұлан сарбаздарының жауынгерлік дайындығын және рухын көтеруге бағытталған. Жаңа казарманың ашылуы – ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш құрылымдарының инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды қадам» деп атап өтті өңір басшысы.

 

ПЕТРОПАВЛ