• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2015

Қылмыстың алдын алу – міндет

550 рет
көрсетілді

Қылмыстық-атқару жүйесінің Алматы облысы бойынша депар­таменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ернат Ақыл­жановтың ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының мәжіліс залында кеңес өтті. Оған аталған жүйе және ЛА-155/16 мекемесі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл депар­таментінің қызметкерлері қатысты. «Елбасының ел экономикасын дамытудағы саясатын жүзеге асыруда өңірлердің өркендеуіне, әлеуметтік дамуына кедергі болып отырған өзекті мәселе – сы­байлас жемқорлық. Құқық бұзушылықтың алдын алу, жою, жол бермеу бағытында біздің тарапымыздан бірқатар шаралар атқарылуда. Алайда, қылмыстық-атқару инс­пекция қызметкерлері арасында арамза, теріс ойлы, өзгенің меншігіне қол салатын адамдар анықталды. Заңды белден басу  құқықтық жүйеге салған таңба болып табылады» деді Ернат Ақылжанов. Келесі кезекте, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиа­лының өкілдері сыбайлас жем­қорлыққа жол бермеу жайында айтты. Кездесу соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның аясында қалмыстық-атқару жүйесінде тәртіп сақтау және заң бұзушылықтардың алдын алу, ескерту, жолдарын кесу іс-шараларын күшейту жұмыстарын жалғастыру жөнінде шешім қа­былданды. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.