• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:00

Чехияда өткен кеш

47 рет
көрсетілді

Прага төрінде қазақ және чех өнерпаздарының бірлескен кон­церті аншлагпен өтті. Шығармашылық кеш билеттері екі күн­де сатылып кеткен. Өнерсүйер қауым әсіресе Қазақ­станның опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен чехиялық баритон Фи­липп Банжактың дуэтін тыңдауға келген.

Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваны жер­гілікті жұрт жақсы біледі. Шығармаларын сүйіп тың­дайды. Классикалық музыка талантының Жофин сарайын­да өнер көрсетуі ерек мәр­те­бесін көрсетеді. Қазақ-чех әр­тістерінің бір­лескен жобасы еліміздің ұлттық мерекесі  – Республика күніне арналды. Мәдени іс-шара Прага мэрінің жоғары патронатымен және дипломаттарымыздың қолдауымен өтті. Кон­церт­те дәстүрлі әндер мен клас­сикалық туындылар шыр­қалды. Ал Сол­түстік Че­хия ор­кестрі Төле­ген Мұха­мед­жа­новтың симфо­ниялық музыкасын орындады.

Кеш соңында чехиялық дирижерге қазақ халқынан естелік ретінде Махамбет поэмасының партитурасын сыйға тартты.

«Бүгінгідей кештер көп­шілікке ресми іс-шаралардан гөрі әсерлі болары анық. Нағыз жүректен жү­рекке жететін осындай басқосулар көбірек бол­сын деп айтамын. Өйткені неғұрлым адамдар арасында татулық болса, соғұрлым бейбітшілікті сақтап қаламыз», деді композитор Төлеген Мұхамеджанов.

Үлкен сахнада әлемге әй­гілі ариялар да орындалды. Қа­зақ сопраносы чех тілінде, ал чех баритоны Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Отан» әнін шырқағанда жи­налған қауымның ықыласы ерекше білінді.

«Музыка тілі аударманы қажет етпейді. Музыкант ретінде бізге адамдарды өнер арқылы біріктіру үлкен бақыт», дейді опе­ра әншісі Фи­лип Банджак.

«Қазақстан мен Чехияның мәдени байланысын нығайта­тын көптеген жоба ұй­ымдас­тырып жатырмыз. Елдегі кон­церт­терге чех әртістері келіп тұ­рады. Сон­дық­тан біздің дос­тығы­­мыз, біздің байланысымыз бе­кем», дейді Нұржамал Үсенбаева.

Иә, аталған кештің басты жұлдыздары бірлескен жоба­ларды бұрыннан бері жүзеге асырып келеді. Сонымен қа­тар Нұржамал Үсенбаева мен Фи­лип Банджак Еуропа өнері ода­ғының жоғары марапатын ие­лен­ген үш­тіктің қатарына кіреді.

Ватиканның Чехиядағы ел­шісі Джут Таддеус Около да екі ел ара­сындағы мәдени бай­ланыс­тардың алдағы уақытта да жал­ғасатынына сенімді екенін айтты.

«Бұл – өте жақсы бастама. Жалпы, адамдар арасында бей­­бітшілік сезімін ұялатудың ма­­ңызы өте зор. Қазақтар мен чехтар өз тілдерінде сөй­лес­се де, бірін-бірі жақсы түсі­нетіндей бо­лып көрінеді м­аған. Демек бір бай­ланыс бар», дейді ол.

Екі ел әртістерінің қаты­суы­мен өткен гала-концерт кө­рермен қауымды да екі елдің өне­ріне жақындастыра түскені анық. Ал Қазақстан тарапы Филип Банджакты бейбітшілік елшісі деп жариялады.