Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ПД мәліметінше, Солтүстік айналма жол автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.
«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда», делінген ПД хабарламасында.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
View this post on Instagram