Ішкі істер министрлігі пеш пен электр жылытқыштарын дұрыс пайдаланбауға байланысты қайғылы оқиғалар жиілей бастаған соң, азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жылыту пешінің жағдайын тексеріңіз. Егер қандай да бір зақым немесе ақаулар анықталса, оларды дереу жою үшін шаралар қолданыңыз.Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз. Есіңізде болсын, балалар қауіпті жағдайды дұрыс бағалай және туындаған мәселелерді өз бетінше шеше алмайды.Электр құралдарын қараусыз қосулы қалдырмаңыз. Тіпті оларды аз уақытқа бақылаусыз қалдыру өрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін», делінген хабарламада.
Айта кетейік, осындай қатердің залалынан Қостанай облысында бір жағдайда бес бала, екіншісінде төрт адам қаза тапқан. Ал Ақмола облысында үш адам опат болған еді.