Аумақтық сайлау комиссиясы Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі лауазымына кандидаттарды тіркеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер тіркелген:
Арыстанбек Әбілқайырұлы. 1983 жылы туған. «Аманат» партиясынан ұсынылған. Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, «Талғар Тұрғын үй» ЖШС басшысы; Каденов Жәнібек Жанболатұлы. 1991 жылы туған. ҚХП партиясынан ұсынылған. Қаржы-экономикалық бөлімінің «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы; Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы. 1982 жылы туған. «Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары.Айта кетейік, Талғар қаласының әкімін сайлау 2024 жылдың 15 желтоқсанында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімінен кейін қала әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық қызметтерінен босатылған еді.