• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қараша, 2024

Алматы тұрғыны автобуста әйелді соққыға жыққан

155 рет
көрсетілді

Қалалық полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, оқиға кеше болған. Қоғамдық көлік ішінде телефон арқылы қатты сөйлескен әйелге наразы болған ер адам оған дене жарақатын салған.

«Бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.