Жемқорлық 26 Қараша, 2024

Қызылордада пара алған полиция қызметкері ұсталды

146 рет
көрсетілді

Қызылордада 2 миллион теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Аталмыш ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды», деп жазылған полиция хабарламасында.