• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:15

Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

33 рет
көрсетілді

Алматы облысында Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ұйымдастырған жігіттер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс полицейлерінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ облысының жолдарында бір топ шабандоздың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталған.

«Құқық бұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Көкпарды ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, төрт қатысушы 5 тәулікке сотталған. Қалғандарына айыппұл салынды.