27-28 қарашада Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына байланысты кейбір студенттер онлайн оқытуға көшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың айтуынша, 27-28 қарашада:
4 жоғары оқу орны қашықтықтан оқыту форматына көшеді; 2 жоғары оқу орны сабақты ішінара қашықтықтан өткізеді; 2 ЖОО студенттерді демалысқа жіберді (1-ші триместр); 5 ЖОО дәстүрлі офлайн оқыту форматын қалдырды.Ол ЖОО өздерінің академиялық саясаттарына сәйкес шешімді дербес қабылдайтынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 27-28 қарашада шетелдік мемлекет басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын дайындау және өткізу аясында көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер заңнаманың жекелеген учаскелерінде енгізіледі.